ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен ҚР Бейбітшілік пен келісім музейіне басшы болып Күлбаева Жазира Тайтөлеуқызы тағайындалды.
Жазира Тайтөлеуқызы осы уақытқа дейін “КарЛаг” музейінің директоры, ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығының директоры, ҚР Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары, ҚР Бейбітшілік пен келісім музейі директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Музей саласында 10 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Сондай-ақ, Астана қаласының мәдениет басқармасынан белгілі болғандай, “Атамекен” мемориалдық музей-кешеніне конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, директор болып Сейдімбек Салтанат Ақселеуқызы тағайындалды. Ол осы қызметке дейін “ҚазақКонцерт” мекемесінде басшылық қызметте болған.