Анонс


«Қазақстан кескіндемесі» атты ғылыми каталогтың тұсаукесері өтеді

Бейсенбі, 22 Қараша 2018 12:29
«Қазақстан кескіндемесі» атты ғылыми каталогтың тұсаукесері өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі 2018 жылғы 28 қарашада «Қазақстан кескіндемесі» ғылыми каталогының ІІ томының салтанатты тұсаукесерін өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.        

«Музейлік жинақ кәсіби мектептің қалыптасуы мен дамуының барлық кезеңдерін көрсетеді, сондай-ақ қазақстандық жетекші өнер шеберлерінің түпнұсқалық жауһарларын қамтиды. Қазақстандағы жетекші көркемсурет музейіндегі кескіндеме коллекциясын толығымен тиянақтау Қазақстан кескіндемесінің басты каталогын шығарудың басты мақсаты болып табылады, қазіргі уақытта сіздер ІІ томын қолға аласыздар. Басты каталогпен жұмыс −  ғылыми-зерттеу жұмысы мен сақтау мен есепке алу сияқты маңызды міндеттерді біріктіретін музей қызметінің негізгі бағытының бірі. Каталог – ауқымды коллекцияны қалыптастыру мен зерттеуге бағытталған көпжылдық күш-жігердің нәтижесі. Ол негізгі кезеңдерді, оның қалыптасуы мен толықтырылуының серпіні мен географиясын көрнекі бақылауға мүмкіндік береді», - дейді музей директоры, профессор Гүлмира Шалабаева каталогтың екінші томына кіріспе мақаласында.

Бұл ұзақ мерзімді және маңызды жоба Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG халықаралық компаниясы арқасында жүзеге асырылуда, музейдің оған деген алғысы шексіз. Басылым жұмыстарын жүргізу барысында оны авторлардың тегін әліпбилік ретпен бөліп, үш томда ұсыну жөнінде шешім қабылданды. 2017 жылы каталогтың бірінші томы ұсынылды − А-дан К-ға дейінгі 1102 шығармалардан тұратын репродукция. Бұл басылым екінші томда − Л-дан Т-ға дейін, онда 1172 туындының репродукциялары ұсынылған. Үшінші томға У-дан Я-ға дейінгі суретшілер, театр-декорациялық кескіндеме және соңғы жылдардағы жаңа түсімдер енгізілетін болады. Барлық томдарда бірыңғай ақпараттық қағида сақталады: автор туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет, сондай-ақ әрбір сурет туралы толық ақпарат беріледі. 

Каталогтың екінші томы Леонид Леонтьев, Сабыр Мәмбеев, Нағымбек Нұрмұхаммедов, Сахи Романов, Алексей Степанов, КСРО Халық суретшісі Қанафия Телжанов сияқты Қазақстан кескіндемесінің көрнекті шеберлері, ҚР Халық суретшілерінің шығармаларын қамтиды. Олардың әрқайсысының шығармашылығы – Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейімен мұқият сақталған, Қазақстан өнерінің Алтын қорын құрайтын Қазақстан кескіндемесі тарихының маңызды парағы.   

Музейдің құрылуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі әр түрлі бөлімшелер қызметкерлерінің қызметі қазақстандық шеберлердің шығармашылық мұраларын жүйелі, жоспарлы түрде кеңейтуге, сақтауға және зерттеуге бағытталған. Коллекцияны кеңейту стратегиясы музей басшылығына қазірде негіз болады, ол жаңа экспонаттардың келуіне ықпал ететін жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған орай, ауқымды ұлттық және республикалық көрме-конкурстар ұйымдастырылды, қорытындысы бойынша жеңімпаздар туындылары музей қорына тапсырылды. Олардың қатарында: 2012 жылғы «Қазақ халқының эпостық жырлары, тарихы мен дәстүрлері», 2016 жылғы  Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Бабалар аңсаған Тәуелсiздiк» көрмелері бар.

Каталогтың екінші томының таныстырылымы, тұсаукесер ролигын, экспозиция бойынша интерактивті тур,  музыкалық аспаптар квартетінің өнері, музей қызметкерлері мен «Империя танца» хореографиялық студиясының «Жан біткен кенептер» перформансын  көрсетуді қамтитын болады. 

3124 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper