Үкіметтік сыйақы 2018 жылғы 27-28 қараша күндері Астанада өткен Азаматтық форум кезінде табысталды. Аталған сыйақы "Kazmuseum.kz" қорына тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бағыты бойынша берілді.
Айта өтейік, "Kazmuseum.kz" қоры алдағы уақытта да аталған бағыттағы жұмыстарын жүргізіп, жаңа жобаларды қолға алатын болады.