Конференция барысы төмендегі бағыттарды қамтиды:
Музейдегі қорды қалыптастыру жұмысы;
Музей экспозициясы;
Музей қызметіндегі заманауи ақпараттық технологиялар;
Мәдени мұраны сақтаудағы және насихаттаудағы музейдің ролі;
Заманауи бағытындағы музейлер және халықаралық байланыс;
Қазақстандық музейлердің өзекті мәселелері.
Конференция тілі: қазақ және орыс тілдерінде.
Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші (қатысушы) тарапынан.
Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2019 жылдың 10 сәуіріне дейін muzei2019@yandex.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Материалдар жинағы авторларға конференция күні тегін таратылады.
БАЯНДАМАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Баяндама қазақ, орыс тілдерінде қабылданады, формат А-4, көлемі 5-7 беттен аспауы шарт. Үстіңгі, астыңғы жиектер –2 см, оң жақ жиек –2 см, сол жақ жиек –3 см; «Times New Roman» шрифтімен14 кегль, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт интервал. Беттің оң жақ үстінде қалыңдатылған әріппен автор туралы мәлімет беріледі: автордың аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі, мекеменің орналасқан жері және ұялы байланыс нөмірі, e-mail көрсетіледі. Бір интервалдан кейін бас әріптермен баяндаманың тақырыбы.
Баяндама тақырыбы 12 сөзден аспауы тиіс;
Баяндама тақырыбы және аннотация жазылып, негізгі мәтін алдында беріледі;
Аннотациядан кейін кілт сөздер;
Мақала мәтіні кілт сөздер соңында екі интервалдық аралықтан кейін беріледі.
Сілтемелер мен әдебиеттер тізімін рәсімдеу:
Мәтінде сілтеме тік жақша түрінде рәсімделіп, әдебиеттер тізімінде деректердің беті көрсетіледі. Мысалы: [6, 2 б.]. Көрнекіліктер JPEG форматында, берілуі тиіс.
Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауапты. Редакциялық алқа талаптарға сай келмейтін жұмыстарды және жоғарыда көрсетілген күннен кейін қабылдамауға құқылы.
ӨТІНІШ ФОРМАСЫ
Аты-жөні (толық) __________________
Мекеменің аты (толығымен)_________
Баяндама(мақала) _________________
Қызметі (толығымен)_______________
Ғылыми дәрежесі _________________
Секция: _________________________
Байланыс мәліметтері (мекен-жайы, телефоны) _____
Автордың мекен-жайы___________________________
E-mail ________________________________________
Баяндамаға қажетті құралдар (проектор, слайд)_____
Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 54, ҚР Ұлттық музейі. Сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңіз болса мына телефонға хабарласуға болады: +7(7172)91-90-35