Акцияның басты мақсаты - келушілерді мәдени және тарихи мұраға арналған жарқын, қызықты бағдарламамен қызықтыру.
Осы түні Бурабай тарихи-өлкетану музейінде түнгі қонақтар үшін музей залдары бойынша шолу экскурсиясы мен «Бурабайдың күзгі палитрасы» фильмінің көрсетілімі өтті. «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Берік Абдығалыұлының топтамасынан ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы ашық хаттарының «Ғасырлардан сыр сақтаған Бурабай» тақырыптық көрмесі ерекше қызығушылық тудырды.
«Музейдегі түн» акциясында «Буабай -Даму» ЖШС және «Таңғажайып өлке» кітап көрмесі мен кәдесыйлардың көрме сатылымын ұйымдастырған Бурабай кентінің кітапханасы да белсенді атсалысты.
Түнгі қонақтар XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасыр басының таңғажайып атмосферасына кенеліп, заманауи Бурабайға енді, сонымен бірге олар жадында ұмытылмас сурет қалдыра алды.
Акцияға барлығы 528 адам қатысты.