Анонс


Ақтөбеде радиотехника көрмесі ашылды

Сәрсенбі, 13 Қазан 2021 15:35
Ақтөбеде радиотехника көрмесі ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлттың үнжариясы — радио» атты радиотехникалар көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

  Көрме экспозициясына музей қорының тұрмыстық-металл коллекциясындағы 1945 жылғы «Рекорд»,Ұлы Жеңістің 50 жылдығына орай шығарылған «Россия-203», 1952 жылғы «Север», 1954 жылғы «Чайка-5», 1969 жылғы «Урал-Авто», 1973 жылғы «Орион-301», 1975 жылғы «Filips-Prince delux», 1976 жылғы «Тайга-304», 1984 жылғы «Альпинист» және 1991 жылы шығарылған «Отырар-Қызыл Ту» радиолары және «Ақтөбе радиосы» мен «Тандем» радиоларының радиотехникалары, радио тынысынан сыр шертетін тарихи суреттері, т.б. заттары қойылды.

  «Ақтөбе радиосы» және «Тандем» радиоларының журналистері Салтанат Аманжолқызы мен Айсын Байтақова кәсіби төл мерекелеріне орай музей ұжымының ұйымдастырып жатқан көрмеге алғыстарын айтса, көп балалы ана, медиатор Бибігүл Әбдішүкірқызы радио туралы жылы лебізін білдірді

 Музей директорының орынбасары Бақытжан Қалнияз қоғам өмірінде радионың алар орны ерекше екенін айтып, «Ақтөбе радиосы» мен «Тандем» радиоларына музей директоры атынан Құттықтау хаттар табыстады. «Ақтөбе радиосының» бағдарламалық директоры Сергей Довгалюк музейге Алғыс хат табыстады.

 Шара соңында музей көркемөнерпаздары өнерлерін ортаға салып, қонақтар көрмені тамашалады.  

—    Биыл ел Үкіметінің қаулысымен 1 қазан — Радио күні болып бекітілгені белгілі. Осыған орай мерекелік көрме ұйымдастырып, оған жергілікті радио қызметкерлерін арнайы шақырдық. Мақсат — қала тұрғындары мен музей келушілеріне радио құрылғыларының түрлері мен тарихы және қаламыздың радиоларында жемісті еңбек етіп жүрген жандар туралы насихаттап, радиолар тынысынан хабардар ету. Көрме бір ай тұрады. Келіп, тамашалауға болады, — дейді музейдің қор бөлімінің меңгерушісі Нұрболат Ғаббасов.

 

Сағымбек  ҰЛЫҚПАНОВ, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бұқарамен байланыс жөніндегі менеджері

1531 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper