Анонс


«Көшпенділер» трилогиясының 50 жылдығына арналған көрме ашылды

Сейсенбі, 26 Қазан 2021 20:32
«Көшпенділер» трилогиясының 50 жылдығына арналған көрме ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Көшпенділер» трилогиясының жарыққа шыққанына 50 жыл толуына орай «Көшпенділер» трилогиясы – «Тәуелсіздік жаршысы» атты көрме ашылды. Көрме Ілияс Есенберлин Қорымен бірлесе отырып ұйымдастырылды.

Көрме аясында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Нұрлан Смағұлов Қоры және «Монтажспецстрой» АҚ қолдауларымен жарық көрген, Ілияс Есенберлиннің 6 томдық толық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Басылымға жазушының барлық шығармалары, оның ішінде «Көшпенділер» және «Алтын Орда» тарихи эпопеялары, сонымен қатар советтік кезеңде жарық көрмей қалған романдары да кірді.

Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай, Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әдебиеттанушы, лингвист-зерттеуші, түрколог, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Олжас Омарұлы Сүлейменов, Алматы қаласы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Абзамеденұлы Әлиев, «Аstаnа Grouр» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Сұмағұлов,  Атбасар қаласындағы Ілияс Есенберлин музейінің директоры Ұлбосын Даниярқызы Комбатурова, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Ермұханұлы Кабулдинов, І.Есенберлин атындағы №25 гимназияның тарих және қазақ тілі мұғалімдері Елена Захлебная мен Самал Нусупалиева қатысып,    отбасының атынан немересі Мади Есенберлин құттықтау сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің еңбек жолы, шығармалары мен өмірі жайлы сөз қозғап, оның еңбектерінің өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын атап өтті. 

Сонымен қатар, көрменің салтанатты ашылуына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, зиялы қауым, мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

 

1405 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper