Анонс


Қазақстан Қолөнершілер одағының көрмесі ашылады

Дүйсенбі, 01 Қараша 2021 15:33
Қазақстан Қолөнершілер одағының көрмесі ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Қолөнершілер одағы және «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Шебер – 2020/2021. Біздің мұра» фестивалінің көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конкурс  Қазақстан Қолөнершілер одағының төрағасы Айжан Бекқұлованың  басшылығымен 11 жыл бойы өткізіліп келеді. Айжан Бекқұлова – «Құрмет» орденінің кавалері, WCC\APR құрметті мүшесі әрі кеңесшісі. ҚР Ұлттық Материалдық емес мәдени мұра комитетінің мүшесі. «Мәдениет саласының үздігі».

Бұл көрме  Қазақстан Қолөнершілер одағы мен республика шеберлерінің есебі ретінде ұйымдастырылып отыр. Көрмеге келген қонақтар халық ісмерлерінің дәстүрлері мен қиял әлеміне қол жеткізе алады. Көрмеде қазақтың дәстүрлі қол өнері мен Қазақстанның заманауи қолданбалы өнері туындыларының барлық саласы түгел дерлік көрсетіледі. Олардың ішінде киізден жасалған бұйымдар, зергерлік өнер, кесте – біз кесте, қыш, ағаш ою, металды көркемдеп өңдеу, тоқыма және дәстүрлі киімдер бар.

Көрме 2021 жылғы 5 қарашада ашылып, 5 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

1632 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper