Анонс


Орталық музейде неміс суретшілерінің көрмесі өтеді

Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2015 15:04
Орталық музейде неміс суретшілерінің көрмесі өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Германия Ішкі істер министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің Ассоцияциясымен неміс суретшілері картиналарының  бірлескен көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Көрмеге Қарағанды қаласы Бейнелеу өнері музейі  мен Тараз облыстық тарихи өлкетану музейінің коллекцияларынан құралған неміс суретшілерінің туындылары қойылады.  Көрмеде 160-тан астам жұмсақ бояу қарындашпен, майлы бояумен, акварельмен, шошқа қанымен салынған пейзаждар, натюрморт және портреттер көрсетіледі. Бұл суреттерде неміс халқының тағдыр талайы, ашылмаған ұлттық ерекшеліктерінің өзіндік нышандары көрініс тапты деуге болады. Бұл суреттерден басқа елде жүрген (КСРО) неміс ұлты өкілдерінің мезгіл аралық мәдени диалогын тани аламыз. Өкінішке орай А.Г. Гейнц, П.Паул, Риккел, Фильгер, Э.Шмидт, Браннер сияқты  30-60 жылдардағы қуғын-сүргін құрбандары жайлы деректер сақталмаған. Дей тұрғанмен қылқалам шеберлерінің туындылары және олардың жеке басы жайлы деректердің жылдар бойы сірнеленіп жиналғандығына байланысты,  бұл суреттерді осы күнгі бірегей коллекция деп санауға болады.

 Іс-шараға Алматы қаласындағы Германия Консулдығы, Республиканың этномәдени бірлестіктері, БАҚ, Қазақстандағы «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігі Ассоцияциясының серіктес ұйымдарының өкілдері қатысады.

Көрме 2015 жылғы 1 қазан күні сағат 16.30-да ашылып,  8 қазанға дейін жұмыс істейді.

4993 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper