Анонс


Ақмола облыстық музейінде Президент музейінің көрмесі ашылды

Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2015 14:38
Ақмола облыстық музейінде Президент музейінің көрмесі ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім территориясы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Көрмеде тәуелсіз Қазақстанның мерейтойлық күндерімен байланысты 111  құжат пен фотосурет және өзге де жәдігерлер қойылған. Атап айтсақ,  Конституцияның 20 жылдығы, Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығы сияқты маңызды даталарға арналған құжаттарды осы көрмеден тамашалауға болады.

Көрменің негізгі мазмұнын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі қорындағы бірегей материалдар жинағы ашады: Н.Ә.Назарбаевтың жеке заттары мен құжаттары, шетел мемлекеттерінің басшылары мен үкіметтерінен берілген сыйлықтар, жас мемлекеттің дамуы мен халықаралық беделін нығайтуға бағытталған Елбасының қызметін,  бастамаларын көрсететін фото және мұрағат құжаттары.

Келушілер Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілін және әдет-ғұрпын ашатын күміс бұйымдары, көркем суреттер, мүсіндер, мүсіндік композициялар, бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы өнер туындыларын тамашалай алады. 

4745 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper