Анонс


Орталық музейде Н.Байғаниннің 155 жылдығына арналған көрме ашылады

Сәрсенбі, 28 Қазан 2015 15:44
Орталық музейде Н.Байғаниннің 155 жылдығына арналған көрме ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі және «Халық ақыны Н.Байғанин атындағы мәдени қорымен» бірлесіп ХХ ғасырдағы қазақ халық поэзиясының аса көрнекті өкілі, жыр алыбы Нұрпейіс Байғанинның 155 жылдығына арналған «Ұмытпас мені ғасырлар» атты мемориалды көрмесін ашады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

 «Ұмытпас мені ғасырлар» атты көрмеге Байғаниндер әулетінің жеке мұрағатындағы және музей қорында сақталған ақынның  фотосуреттері мен құжаттары, жеке заттары қойылады. Көрменің салтанатты ашылуына ақынның немересі Е.Байғанин қатысады, сондай-ақ Қазақстанның танымал әртістерінің орындауында Н.Байғаниннің шығармалары орындалады. «Нұрпейіс Байғанин» атты деректі фильм көрсетіледі.

Көрме 2015 жылдың 2-қараша күні сағат 15.00-де ашылады. 

5662 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper