Анонс


Қытайдың атақты музейі Астанада көрме өткізетін болды

Бейсенбі, 29 Қазан 2015 16:32
Қытайдың атақты музейі Астанада көрме өткізетін болды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мәдениет министрліктері ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында 2017 жылы ҚР Ұлттық музейінде «Терракот әскерлері»  бірегей көрмесін өткізу туралы уағдаластыққа қол қойды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Меморандумға Қытайдың тарихи бесігі саналатын Сиань қаласы Шаньси провинциясының тарихи құндылықтарды қорғау жөніндегі зерттеу институтында қол қойылды.

«Біздің елдер арасындағы мәдени ынтымақтастық саласындағы бұл келісім «Мәңгілік мұра» ұлттық стратегиялық жобасын және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі ұлттық жоспардың 100 қадамын іске асыруда маңызды кезең болып табылады» — деп атап өтті Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова.

Сапар кезінде  Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында 2017 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде әйгілі «Терракот әскерлері» көрмесін ұйымдастыру және өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Айта өтейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова, ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Жазира Кульбаева, реставрация, сақтау және археология саласының отандық жетекші мамандарынан тұратын қазақстандық делегация ресми сапар барысында Қытайдың жетекші мәдени нысандарда, атап айтқанда Цинь әулеті Бірінші императорының музейінде, Шаньси тарихи музейі, Шаньси провинциясында археология институтында, СУАР музейінде болды.

3014 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper