Анонс


Ә. Қастеев музейі архаикалық бейнелері бар әшекейлерді ұсынады

Сәрсенбі, 28 Қазан 2015 15:54
Ә. Қастеев музейі архаикалық бейнелері бар әшекейлерді ұсынады KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Амангелді Мұқажанның «Аңыз дала» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.  

Экспозицияға суретшінің түрлі техникамен жасаған зергерлік бұйымдары, кескіндеме, графика, акварель, қондырғылары қойылған.

Зергердің  коллекциясында әйелдердің әшекей бұйымдары көп. Автор оларды жұқа ойылған сүйек пен түсті эмальды пайдаланып, жартылай аслы тастармен көмкерген.  Бұйымдарды жасау үшін түйіршіктеу, шілтерлеп өрнектеу сияқты ежелгі техникаларды және бұлардан басқа қазақ зергерлерлері арасында көнеден келе жатқан тәсілдерді қолданған.

Мұқажановтың туындылары заманға сай, бірақ сонымен қатар астарында терең дүниетанымдық құрамдас бөлігі бар архаикалық бейнелер де орын тапқан.

Көрме  30 қазан күні сағат 16.00-де ашылады.

5322 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper