Анонс
Super User

Super User

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу шарасы аясында «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 60 жыл толуына және Тәуелсіз Қазақстанның ғарышкерлеріне арналған «Жұлдызды жолдардың қаһармандары»  атты дөңгелек үстел өтеді.

 ҚР Ұлттық музейі «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен» арнайы жобасы аясында алғаш рет Қызылорда облысының Шиелі аудандық Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде көрме өткізді.

Мемлекеттік музейлер қорларына сатып алуларды бақылау арнайы комиссиялармен жүзеге асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Күміс Сейітова мәлімдеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Мәдениет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер археологиялық олжаларды музейлерге тапсыруды міндеттейді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Күміс Сейітова мәлімдеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі. 

Музей ісі және тарихи мұраларға қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық музейі ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Мен өз елімнің патриотымын» атты облыстық бейнебайқауын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің  «Тарихы терең Ақ Жайық» атты көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі айтыс өнерінің шебері, ақын Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» атты дөңгелек үстел және көрме өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.  

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі «Ұлылар мұрасы және музейтану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.  

Сириядағы мәдениет нысандары заңсыз қазба жұмыстарын жүргізу мен содырлар мен билік әскерінің арасындағы қақтығыстардың нәтижесінде бұзылды, деп мәлімдеді елдің Көне мұралар және музейлер департаментінің директоры Маамун Абдулкарим. Бұл туралы Ресейдің РИА Новости ақпарат агенттігі хабарлады.

Медиа

JoomShaper