Форум жұмысының мақсаты: түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау.
Форум жұмысының міндеттері:
- түркітілдес халықтардың тарихи этногенезін, мәдениеті мен өнерін зерделеу мәселелерін өзектендіру;
- түркітілдес халықтардың тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеу: материалдық және материалдық емес (рухани) мұрасын зерттеу, зерделеу;
- «Наурыз»: сақтау және насихаттаудың жаңа нысандары мен тәсілдерін анықтау және зерделеу;
- мәдениет пен ғылым ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, ғылыми және мәдени-білім беру қызметі саласындағы дәстүрлі және инновациялық бағыттарды дамыту перспективаларын талқылау үшін бірыңғай алаң құру;
- Қазақстандық және шетелдік мамандардың күшімен түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу бойынша бірлескен кешенді пәнаралық зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін айқындау;
- музей экспозициясы мен қор материалдары негізінде мәдени туризмді дамыту;
- музейлер арасындағы іскерлік байланысты қалыптастыру.
ФОРУМНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАРЫ:
- Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті: материалдық және материалдық емес мұраларды зерттеу және насихаттау;
- Наурыз мерекесінің тарихын зерттеу, зерделеу;
- Түркі халықтарының тәрбие құндылықтары;
- Тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен насихаттаудағы мәдениет мекемелері – музейлер, архив және кітапханалар – рөлі мен орны;
- Музей жұмысының замануи инновациялық нысандарының ғылыми және практикалық аспектілері (музейлік цифрландыру және виртуализациялаудағы мемлекеттік есеп талабына сай келетін бірыңғай ережелер; web-қосымшалар; серверлік конфигурация; техникалық қамтамасыз ету және т.б.).
- Панельдік талқылау:
- «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» тәжірибе алмасу алаңы.
- Музейлік тәжірибе алмасу:
- «МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЗАМАНУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ» ғылыми семинар;
- «ТӘРБИЕ БАСЫ – ТАЛ БЕСІК» этнографиялық көрме (Орталық музей қоры негізінде).
Форумға ғылыми мекеме қызметкерлері, оқу орындарының оқытушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, музей, архив, кітапхана мамандары, жалпы түркі әлемінің тарихын, мәдениеті мен өнерін зерттеумен айналысатын жас ғалымдар, бакалавр, магистрлер, докторанттар және өзге де қызығушылық танытатын тұлғалар шақырылады.
Форум жұмысына қатысу өтініші ұйымдастыру алқасының forum-024@bk.ru электрондық почтасы арқылы қабылданады.
Форум жұмысына арнайы шақырылған қонақтардың жол-шығындары мен қонақ үй құны ұйымдастырушылар есебінен төленеді. Ал, өзге қатынасушылардың барлық іс-сапар шығындары жіберуші жақ есебінен төленеді.
Өту нысаны: оnline, offline
Өтетін орны: Алматы қ., Самал – 1, 44 үй.
Өтетін күні мен уақыты: 14 наурыз 2024 жыл.
Байланыс тел.: 8(727)2644911 - Арайлым Бақытқызы Балаева
ҰСЫНЫЛҒАН ФОРМА БОЙЫНША ӨТІНІМ
Аты-жөні (толық) _________________________________________
Қызмет атқаратын мекеменің толық атауы: ___________________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): __________________________
Лауазымы: _______________________________________________
Байланыс телефоны: _______________________________________
Электрондық адресі:_______________________________________
Факс, E-mail _____________________________________________
Мәдени (театр, филармония) шараға қатысу (иә, жоқ) __________
Алматы қаласындағы музейлерге экскурсия (15 наурыз 9.00-13.00) ___
Ұйымдастырушыларға ұсыныс, пікірлер _______________________