Анонс


Президенттің көмекшісі «Сарайшық» музей-қорығының жұмысымен танысты Таңдаулы

Сенбі, 20 Қаңтар 2024 17:25
Президенттің көмекшісі «Сарайшық» музей-қорығының жұмысымен танысты KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай «Сарайшық» музей-қорығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Жошы ұлысында астана мәртебесін алып, Қазақ хандығының алғашқы хандарының ордасы болған Сарайшыққа арнайы барып, тарихи орында жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстармен таныстым.

Биыл Ұлттық құрылтайды ұйымдастыру аясында аймақта ауқымды шаралар атқарылады.

Елімізде 2019 жылдан бері тарихи жадымызды жаңғырту бағытында үлкен шаралар жүргізіліп жатқанын білесіздер. Президенттің бастамасымен осыдан үш жыл бұрын Алтын Орданың 750-жылдығы тойланды. Биыл Жошы ұлысының 800-жылдығын атап өтеміз.

Мұның бәрі - Ұлық ұлыстың тарихи мұрагері ретінде мемлекеттігіміздің тарихын түгендеп, тұғырын одан әрі бекемдеу үшін аса маңызды жұмыстар», - деп жариялады Р.Желдібай.

575 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper