Анонс


Сириядағы соғыс кезінде 300-ге жуық археологиялық ескерткіштер қираған

Жексенбі, 15 Қараша 2015 00:04
Сириядағы соғыс кезінде 300-ге жуық археологиялық ескерткіштер қираған KAZMUSEUM.KZ -  

Сириядағы мәдениет нысандары заңсыз қазба жұмыстарын жүргізу мен содырлар мен билік әскерінің арасындағы қақтығыстардың нәтижесінде бұзылды, деп мәлімдеді елдің Көне мұралар және музейлер департаментінің директоры Маамун Абдулкарим. Бұл туралы Ресейдің РИА Новости ақпарат агенттігі хабарлады.

«Сириядағы 10 мыңнан астам археологиялық ескерткіштердің 300-ге жуығы бұзылды»,- деді Абдулкарим.

Сонымен қатар, ол мәдени құндылықтардың жойылуына өздерін «Ислам мемлекеті» деп атайтын террорлық ұйымының идеологиялық саясаты да зардабын тиігізіп отырғандығын алға тартты. Бұл ретте ол Пальмирадағы жағдайды мысалға келтірді. Онда соғыстың салдарынан баспанасыз қалған азаматтар тарихи жәдігерлердің айналасына құрылыс салуға дейін барған.

М.Абдулкарим сонымен қатар, департамент тарапынан қолға алынған шаралар туралы да айтып берді. «Елде түрлі қақтығыстар басталып, жағдай шиеленісіп бара жатқан 2012 жылдың жаз мезгілінің соңына таман біз барлық музейлерді жауып тастап, археологиялық нысандарды Дамаск пен өзге де қалалардағы қауіпсіз аймақтарға көшіре бастадық»,-деді департамент директоры.

3201 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper