Анонс


Музейге экспонат сатып алу ісі ортақ тәртіппен жүзеге асырылады Таңдаулы

Сейсенбі, 17 Қараша 2015 15:55
Музейге экспонат сатып алу ісі ортақ тәртіппен жүзеге асырылады KAZMUSEUM.KZ -  

Мемлекеттік музейлер қорларына сатып алуларды бақылау арнайы комиссиялармен жүзеге асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Күміс Сейітова мәлімдеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

 «Жаңа заң қабылданғанға дейін музей директорлары экспонаттарды қалай қолдануға болатындығын, нені сатып алып, нені басқа музейлерге беру керектігін өздері жеке шешкен болатын. Енді онымен арнайы кәсіби комиссия айналысады», - деді К.Сейітова.

Комиссия құрамына музей қызметкерлері ғана емес, сарапшылар – өнертанушылар, тарихшылар, археологтар, нумизматтар және т.б. кіреді.

МСМ өкілінің пікірінше, бұл қорларды толықтыру барысын мейілінше ашық, ал экспозицияларды – келуші қонақтар үшін анағұрлым тартымды етеді.

2620 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper