Анонс


Ұлттық музей алғашқы көшпелі көрмесін өткізді (ФОТО) Таңдаулы

Сәрсенбі, 18 Қараша 2015 10:19
Ұлттық музей алғашқы көшпелі көрмесін өткізді (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

 ҚР Ұлттық музейі «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен» арнайы жобасы аясында алғаш рет Қызылорда облысының Шиелі аудандық Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде көрме өткізді.

Көрмеге музей қорындағы Есік обасынан табылған танымал «Алтын адам» жәдігерін ұсынылып отыр. Ел тәуелсіздігінің ең басты рәмізіне айналған Алтын адам – Алматы облысы, Есік қаласының маңында шоғырланған ерте темір дәуірінің обалар қорымынан табылған, алтынға оралған сақ жауынгерін  1969-1970 жылдары аралығында  көрнекті археолог Кемел Ақышев тапқан. Кезінде бұл бүкіл әлемге Қазақстанды аспандатып, рухын шаттандырған керемет тосын жаңалық болды. К.Ақышев есімі тек –алтын адам ғана емес, сақ тайпаларының «Бесшатыр» қорымы мен дүниеге әйгілі ортағасырлық «Отырар» қаласына  жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарымен де танымал.

Көрменің мақсаты – музейге келуші қонақтарға ұлттық рухымызды көтеру, үлгі тұту мен ағартушылық, тарихы мен мәдениетімізге деген зор құрметті арттыруды көздейді әрі, бүгінгі ісімізді жалғастырар ертеңгі ұрпаққа естелік етіп қалдырумен маңызды. Сондықтан да, көрме жұмысы  Ұлт құндылығын ұлықтау – өзімізді танып, тарихты тереңдей түйсіну үшін әлемдік өркениетке қосқан үлесімізді өскелең ұрпаққа жеткізуді көздеп отыр. Ең басты мақсаты кешегі, бүгінгі ұрпақтың ұлағатты істерін келер ұрпаққа үлгі етіп ұсыну.

6961 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper