Анонс


«Ә. Қастеев. Ою-өрнектер» атты еңбектің тұсаукесері өтеді

Сейсенбі, 09 Ақпан 2016 10:57
«Ә. Қастеев. Ою-өрнектер» атты еңбектің тұсаукесері өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер ммузейі мен Ә. Қастеевтің музей-үйі «Атамұра» корпорациясы ЖШС-нің демеушілігімен «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Ә. Қастеев. Ою-өрнектер» атты альбом-кітапбының тұсаукесерін өткізеді.

Бұл альбом-кітапта Қазақстанның Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері Әбілхан Қастеевтің қолынан шыққан авторлық ою-өрнектерінің отбасылық мұрағатта сақталып қалған үлгілері көрініс тапқан.

Суретшінің қыздары Гүлдәрия мен Гүлнәзия Қастеевалар әке қалдырған мол мұраның ішіндегі осынау бір өзгеше өнер туындыларына мән беріп, сақтай келе, енді міне көпшілік қауымның игілігіне айналдыру үшін талаптанған.

Мұндай игі қадамға қолдау көрсетіп, қол үшын берген «Атамұра» корпорациясы ЖШС-нің Президенті Рақымғали Абрарұлы Құл-Мұхаммедке ұлы суретшінің ұрпағы ғана емес, бүкіл өнер сүйер қауымның алғысы шексіз болуға тиіс. Альбом-кітаптың алғысөзін жазған – Гүлнәзия Әбілханқызы Қастеева.

Тұсаукесерге өнертанушылар, суретшілер, қолөнер шеберлері, журналистер, өнер оқу орындарының ұстаздары мен шәкірттері шақырылады. Басталуы 2016 жылғы 17 ақпан күні сағ. 15.00 де.

3015 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper