Бұл монеталар Төменгі Барысхан қалашығының маңынан кездейсоқ табылған. Көмбедегі керамикалық құмырада бірнеше бүтін және бөлшектенген күміс дирхамдар сақталған және жанында құмыраның тұтқасы бар. Белгілі қазақстандық ғалым-нумизмат, орта ғасырлардағы ақша айналымы бойынша 160-тан астам мақалалар мен монографиялардың авторы П.Н.Петров «бұл құнды көмбедегі дирхамдар саманидтік дәуірге, Х ғасырдың ортасына жатады. Монеталар ұсақ саудагерге тиесілі болуы мүмкін» деген пікір айтты.
Қазынаның жалпы салмағы шамамен - 500 грамм күміс. Бұл қазына одан әрі ғылыми тұрғыдан зерттеліп, музей-қорықтың экспозициясына қойылатын болады. Музей ұжымы монеталарды музей қорына тапсырғаны үшін Рафаэль Искандеровке алғысын білдіреді.