«Қазіргі уақытта музей қорында 800-ге жуық туынды бар. Қорымызды толықтыруды жалғастырып келеміз. Қазақстандық суретшілердің музей қорындағы үлесі 75% шамасында болып отыр. Музейдің ашылуына орай суретші Алмагүл Меңлібаеваның жеке коллекциясынан көрме өткізу жоспарланған. Музейге кіру билетінің құны – 500 теңге. Балалар мен студенттер, зейнеткерлер үшін - тегін», – деп хабарлады музей әкімшілігі.
Айта өтейік, қазіргі уақытта Алматы заманауи өнер музейінің құрылысы аяқталып қалды. Музейді салуға белгілі кәсіпкер, меценат Нұрлан Смағұлов демеушілік етті. Ашылуы 2025 жылғы күзге жоспарланған.
фото: Almaty Museum of Arts