Анонс


Ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидасы мен шарттарына өзгеріс енуі мүмкін

Жексенбі, 01 Қыркүйек 2024 02:04
Ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидасы мен шарттарына өзгеріс енуі мүмкін KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы Қаулы жобасын дайындады.

Қаулы жобасына ҚР Президенті қол қойған жағдайда «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілуі мүмкін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылады:

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;

Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидалары мен шарттарының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылуы мүмкін:

«1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.»;

2-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылуы мүмкін:

«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен болған жағдайларды қоспағанда, кемінде жиырма бес жыл тұрақты және тиімді қызметті жүзеге асырып келе жатқан;».

Айта өтейік, қазіргі уақытта Қаулыға өзгерістер жоба күйінде жарияланды.

312 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper