Анонс


Мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізудегі көрсеткіштер

Сейсенбі, 05 Наурыз 2019 02:04
Мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізудегі көрсеткіштер KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Президентінің  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 193 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы жұмыс басталды.  Қазіргі таңда мемлекеттік музей қорларының каталогын жүргізу Республикамызда жаңадан бой көтерген Ұлттық музей ғимаратындағы жауаты мамандардың көмегімен іске асырылуда.

Мемлекеттік каталогты тіркеудегі негізгі мақсат - Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қорына енгізілген музей заттары және музей коллекцияларының орталықтандырылған мемлекеттік электронды нұсқаларымен  қамтамасыз ету. Мемлекеттік каталог дегеніміз – музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс болып табылады. Мемлекеттік каталог нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде және электронды нұсқасы жүйеленіп тексерілуде.

Мемлекеттік каталогқа Қазақстанның әр облысынан, әр ауданынан келіп түскен құнды жәдігерлердің  атауы және қысқаша сипаттамасы авторы, мерзімі, табылған орны, жазулары немесе суреттері, дайындалған материалы және техникасы, өлшемі, жалпы салмағы көрсетіліп жасалады. Одан басқа музей заттары және музей коллекцияларының саны, шифры, сақталу жағдайының сипаттамасы, коллекцияларының құны,сақталған музейдің атауы көрсетіледі. Сақталу жағдайындағы сипаттамасы кіші немесе үлкен бүлінулердің болуы немесе болмауы және басқа да өзгерістері бар болса көрсетіліп жазылады. Музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтердің жойылуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік каталогтың резервтік көшірмесі жасалады. Қазақстан музейлерінен келіп тускен мәліметтер осылай тексеріледі және Ұлттық музей келіп түскен мәліметтерді Мемлекеттік каталогқа енгізеді. 

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен, Ұлттық музейдің Қор жұмыстары және қалпына келтіру қызметі Қазақстан Республикасының музей қорының мемлекеттік каталогын қалыптастыру жұмыстарын жалғастыруда. Есептік кезеңде Қазақстан Республикасының 67 музейінен жіберілген 39 084 сақтау бірлік музейлік заттар туралы деректер қарастырылып, каталогқа енгізілді. Сондай-ақ есептік кезеңде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 27.03.2015 жылдың №112 бұйрығына сәйкес Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру жұмыстарыда жалғасуда. 2018 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының 33 музейінен, барлығы 7354 сақтау бірлік мәдени құндылықтар тізілімге енгізуге ұсынылды.  

Негізгі есептік тізім бойыншаҚР Ұлттық музейіндегі барлық экспонаттардың саны - 211 710 сақтау бірлік, оның ішінде тұрақты сақталатындары - 158 833 сақтау бірлік (олардың ішінде негізгі қорда – 110 440 сақтау бірлік, ғылыми-көмекші қорда – 48 393 сақтау бірлік.), ал уақытша қордағы экспонаттардың саны – 52 877 сақтау бірлік.

Қорыта келгенде музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтерді тіркеу, қабылдау , жүйелеу еліміздегі музей ісі қызметкерлерін жауаптылықа, ұқыптылыққа тәрбиелеумен шектелмейді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай оларды жаһандық бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.

 

Жасұлан АБДУЛЛИН,

ҚР Ұлттық музейінің Жазба ескерткіштерді зерттеу секторының сарапшысы  

 

5157 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper