Анонс


В.Зайберт: Ботай - әлемге ортақ мәдени қазына

Сәрсенбі, 06 Тамыз 2014 22:54
В.Зайберт: Ботай - әлемге ортақ мәдени қазына KAZMUSEUM.KZ -  

АСТАНА. 6 тамыз. BAQ.KZ – ҚР Ұлттық музейінің Ботай қонысына жүргізген алғашқы дала зерттеулеріне тарих ғылымдарының докторы, археолог, профессор Виктор Зайберт өз пікірін білдірді. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ботай әлемге ортақ мәдени қазына. Ол ғылыми, ағартушылық, туристік мекемелер үшін, сонымен қатар Қазақстанның ежелгі бірегей тарихына қызығушылық танытқандар үшін ашық. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ҚР БҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалымен, «Көкше» Академиясымен, Эксетер Университетімен (Exeter University, Ұлыбритания) бірлесіп ғылыми жұмыстарды жүргізуде. Кешенді зерттеу жұмыстары «Ботай адамының өмір салты» деп аталады. Аталған ізденістердің нәтижесінде табылған бұйымдарды Ұлттық музейдің жаңа экспозицияларының қатарынан көре аласыздар», - дейді В.Зайберт.

Айта өтейік, экспедиция жұмыстары жалғасуда. Естеріңізге саламыз, 2014 жылдың 1 тамызында ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысына энеолит дәуірінің бірегей ескерткіші - Ботай қонысына зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін археологиялық экспедицияға шыққан болатын. Қызметкерлер үшін т.ғ.д., археология профессоры, Виктор Зайберт Ботай энеолит қонысына жүргізілетін қазба жұмыстарының әдістері бойынша шеберлік-сыныбын жүргізуде.

6642 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper