Музейде Олимпиада және әлем чемпиондарының жүлделері мен білім ордасының жеткен жетістігі көрініс тапқан. Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, атақты балуан Дәулет Тұрлыханов та осы шаңырақта 5 жыл грек-рим күресінің қыр-сырын үйреніп, әлемді мойындатқан дүлділдердің бірегейі. Ол да салтанатты рәсімде тысқары қалмады. Спорт колледжінің тәрбиеленушілері қонақтарға арнайы концерттер қойып, өнерлерін ортаға паш етті.
Қазақ балуандарына арналған музей ашылды
Сейсенбі, 21 Сәуір 2015 11:00
KAZMUSEUM.KZ -
Республикалық спорт колледжінде елге танымал балуандарға арналған музей ашылды. 44 жыл тарихы бар қара шаңырақтан түлеп шыққан сайыпқырандар әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап, көк туымыз көкте талай желбіреген, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.