Cыйға тартылған кітаптар 1-қыркүйек - Білім күні ашылатын көрмеге қойылмақ. Сонымен қатар, музей қызметкерлері кітап оқып отырған балалардың суреттері немесе оның көшірмесін де қабылдайды. Суреттер ХХ ғасырда және сандық технологияға дейін түсірілген болуы тиіс.
Экспонатты сыйға тартқандар музейді тегін аралау құқығына ие болады. Ал, ең белсенділеріне сыйлықтар үлестіріледі.
2015 жылдың 26 тамызына дейін созылатын шара Башқұртстанның барлық мемлекеттік және муниципалдық музейлерін қамтиды.