– Бұл жәдігерлерді биылғы маусымдағы басты олжа деп айтуға болады. Алтын сырғалар мен айылбастар мыңдаған жылдар жер астында жатқанымен жақсы сақталған, – дейді ҚарМУ-дың жанындағы археологиялық институттың аға ғылыми қызметкері Игорь Кукушкин. Мамандардың айтуынша, зергерлік әшекей бұйымдары қола дәуірінде өмір сүрген әйелдерге тиесілі болуы әбден мүмкін. Археологтар тапқан алтын бұйымдар облыстық өлкетану музейіне тапсырылады. Осыдан жарты жыл бұрын тарих ғылымдарының кандидаты Игорь Кукушкиннің экспедициясы Қарқаралы ауданында қосақталып жерленген андрондық ер адам мен әйелдің сүйегін тапқан болатын. Еркектің үстіндегі киімі қарапайым, ал әйелдің бай тұқымнан екендігін оның қымбат әшекей бұйымдарынан байқауға болады. Қазіргі уақытта ғалымдар әйелдің қара түсті шашын зерттеп, Қара теңіз бен Енисейдің арасын алып жатқан байтақ даланы мекен еткен андрондықтар мен қазіргі адамдар арасындағы қандай да бір туыстық белгілерді анықтамақ.
Ғалымдар Қарқаралыны зерттеу кезінде олжаға тап болды
Сәрсенбі, 29 Шілде 2015 11:46
KAZMUSEUM.KZ -
Қарағандыдағы Ебіней Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы археологиялық институт экспедициясы соңғы жылдары жұртшылықты тың жаңалықтармен қуантып келеді. Жақында олар Қарағанды облысының, Қарқаралы ауданындағы Бесоба ауылының маңында қазба жұмыстарын жүргізіп, қорымнан алтын сырғалар мен үш айылбасты тапты.