Көрме арқылы алдағы күндері аталып өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығына жиылған қауым аймақтың тарихымен етене жақын танысуға мүмкіндік алып отыр. Жалпы бұл музейде 40 мыңға жуық экспонат бар. Мұнда түрлі кезеңдерді қамтитын, өңірдің өткенінен мол мағлұмат беретін құнды жәдігерлер жинақталған. Ерте уақытта осы маңда тіршілік еткен адамдардың тұрмыста қолданылған заттары, әшекей бұйымдары, қолөнер туындылары келушілерді бей-жай қалдырмасы анық. Музей ұжымы алдағы күндері Тараз тарихымен танысқысы келетіндер санының артуына дайындалуда.
«Көбінесе өзімізден гөрі сырттан, шетелден келетіндер көпшілік. Өйткені білгісі келеді. Мына музей аналогы жоқ. Бірнеше уақыт оларға арнайы экскурсия жүргізіледі. Және де экскурсиялар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді», - дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Үртай Сапақова.