Сайыстың басты мақсаты – режиссерлердің түсірілген бірегей туындылары арқылы «Ұлттық музейді» және музей қорындағы тарихи жәдігерлерді, ұлт мұраларын, ғасырдан ғасырға жеткен құнды экспонаттарды жан-жақты насихаттау.
Үміткерлердің жасы, кәсіби біліктілігіне шектеу қойылмайды. Байқауға кез-келген шығармашылық ұжым немесе жеке автор қатыса алады. Өтініштер 25 қазанға дейін қабылданады. Ол үшін мына анкетаны толтыру қажет:
Байқауға қатысуға өтініштер қабылдау аяқталған соң 29 қазанда сағат 16.00-де Ұлттық музейдің конференция залында үміткерлермен кездесу өтеді. Оларға музейде арнайы экскурсия ұйымдастырылып, әр жәдігер туралы жан-жақты мағлұмат берілмек. Бейнетаспаға түсірілген режиссерлік жұмыстың хронометражы 1 минуттан аспауы керек (20-60 секунд). Туындының тақырыбы, форматы мен жанры еркін. Дайын жұмыстар 10 желтоқсанға дейін қабылданады. Жүлде қоры қомақты.
«Attention ! National museum!»(«Назар салыңыздар! Ұлттық музей!») режиссерлер немесе шығармашылық ұжым арасындағы байқаудың
Е Р Е Ж Е С І
- 1. Жалпы Ережесі
«Attention ! National museum!»режиссерлер байқауы (әрі қарай – Байқау) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұйымдастырумен алғаш рет өтеді. Байқауда бабы келіскен барлық режиссер және шығармашылық ұжым бақ сынай алады.
- 2. Мақсаты
Режиссерлердің түсірілген бірегей туындылары арқылы «Ұлттық музейді» және музей қорындағы тарихи жәдігерлерді, ұлт мұраларын, ғасырдан ғасырға жеткен құнды экспонаттарды жан-жақты насихаттау. Түсірілген бейнероликтер (Қысқаметражды кадрлардың жиынтығы. Арнайы эффектілер мен графикалар жиі қолданылады. ) арқылы музейде сақталған еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихи - мәдени мұрасын халық арасында кеңінен танылуына жағдай жасау.
- 3. Қатысушылар
Байқау қатысушыларының жасына, жынысына, кәсібилігіне шектеу қойылмайды. Жеке немесе топ болып қатысу үшін, қатысуға ниет білдіргендер арнайы анкетаны толтырып ardak.kozhatay@mail.ru поштасына жолдау керек. 29 қазанда сағат 16.00-де Ұлттық музей конференция залында қатысушылармен арнайы кездесу ұйымдастырылады. Қатысушылардың жұмысына шабыт беру үшін музейдің барлық залдарымен таныстыру өткізіледі.
- 4. Байқау барысы мен техникалық талаптар
Режиссерлер 1 минуттан аспайтын (20 секунд – 60 секунд) Ұлттық музейге арналған бейнеролик (Қысқаметражды кадрлардың жиынтығы. Арнайы эффектілер мен графикалар жиі қолданылады. ) түсіруі керек. Авторға туындының тақырыбын, жанрын таңдауға шектеу қойылмайды. Мысалы, музейдің археологиялық құндылығы, заманауи бөлмелердің ерекшелігі, Ұлттық музейдің галлереясына саяхат, сыры ашылмаған экспонат және т.б. Ең бастысы, қолданатын бейне материалдардың барлығы автордың өзі немесе командасымен бірге түсірілгені болуы шарт.Форматына да шектеу жоқ. (Документалды, жарнамалық, әлеуметтік) Бейнеролик FUL HD mov форматында, 1080 сапасында, экран мүмкіндігі: 1920-1080 (16:9) қабылданады. Техникалық құрал-жабдықпен қамтылмайды. Кез-келген түсірілім құрылғысымен түсіруге болады. Дайын жұмыстар 10 желтоқсан күні сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
5. Авторлық құқық
Сайыс аяқталған соң түсірілген туындылардың авторлық құқығына музей ие болып, барлық материалдар Ұлттық музейдің меншігіне өтеді.
6. Бағалау
Режиссерлер байқауы ашық түрде «Ұлттық музейдің» конференция залында өтеді. Дайын материалдар көрермен мен қатысушылар назарына ұсынылып, әділ қазылардың сараптауына түседі. Әділ қазылар құрамы 7 тәуелсіз сарапшыдан тұрады. Сарапшылардың қатарында музей басшысы, елімізге танымал кинорежиссерлер, музей ісінің білгірлері, кинотанушы және мәдениеттанушы мамандар төрелік етеді. Ұйымдастырушылардың белгілеген бағалау жүйесі бойынша әр сарапшы 1-ден 10-ға дейінгі бағалау шкаласы бойынша әр бейнероликке өз бағасын береді. Екі қатысушының жинаған ұпай саны тең түссе, төрешілер құрамының төрағасы музей диекторы дауыс бере беру арқылы, жеңімпазды анықтай алады.
- 1. Марапаттау
1 орын – «Ең үздік режисерлік жұмыс» - 500 000 теңге
2 орын – «Үздік режиссерлік жұмыс» - 250 000 теңге
3 орын – «Үздік режиссерлік жұмыс» - 100 000 теңге
Номинациялар:
«Үздік операторлық жұмыс» - 50 000 теңге
«Үздік графикалық жұмыс» - 50 000 теңге
«Үздік идея» - 50 000 теңге
- Өтетін уақыты
Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі
Уақыты: 24 желтоқсан, 2015 ж. Сағат: 16.00-де.
«Attention ! National museum!»(«Назар салыңыздар! Ұлттық музей!»)
режиссерлер немесе шығармашылық ұжым арасындағы байқаудың бағалау жүйесінің шарты
1. Бағалау
Ұйымдастырушылардың белгілеген бағалау жүйесі бойынша әр сарапшы 1-ден 10-ға дейінгі бағалау шкаласы бойынша әр бейнероликке өз бағасын береді. Төрешілер әр бейнероликті тамашалап болған соң, алдарына қойылған бағалау парақшасының арнайы баға қойылатын бұрышына ұпай санын көрсетеді. Сарапшылар бағалау парақшасына бейнеролик туралы пікірін де жаза алады.
2. Сарапшылар құрамы
Әділ қазылар құрамы 7 тәуелсіз сарапшыдан тұрады. Олардың қатарында музей басшысы, елімізге танымал кинорежиссерлер, музей ісінің білгірлері, кинотанушы және мәдениеттанушы мамандар төрелік етеді.
3. Жеңімпазды анықтау
Жоба ережесіне сәйкес бекітілген номинациялар бойынша қатысушылардың жұмысы бағаланады. Жеңімпаздарды анықтау үшін төрешілерге ақылдасып, шешім шығаратын арнайы бөлме дайындалынады. Жобаға қатысқан сайыскерлердің арасында жоғары ұпай жинаған қатысушы немесе шығармашылық топ жеңімпаз атанады.
4. Ескерілетін жағдай
Екі қатысушының жиған ұпайы тең түссе, жеңімпазды анықтау үшін соңғы шешімді төрешілер құрамының төрағасы музей диекторы шығарады.
Байланыс үшін:
Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 54 үй,
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің
Ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметі
Email: ardak.kozhatay@mail.ru
Тел: 8(7172) 91-90-35 (ішкі 327).
Ұйымдастырушы: 8775 370 61 35 (Ардақ Қожатай)