Анонс


Шымкентте шоколад музейінің көрмесі ашылды

Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2015 13:49
Шымкентте шоколад музейінің көрмесі ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Шымкентте ұзындығы мен ені жарты метр болатын шоколад құйылды. Оны миллиондар қаласына Ресей, Украина, Беларусь кондитерлері тарту етті.

Тәттінің дәмін шымқала тұрғындары мен қонақтары  «Nikolya Шоколад музейі» көрмесінде  татып көрді.

Бұл күні көрмеге бас-аяғы 300-ден аса жоғары сапалы экспонат қойылды. Ресей, Украина, Беларусь кондитерлері «Шымкентке қонақкәде» деп, атаған шоколадтарын құю үшін 3 апта тынымсыз еңбек еткен. Тәтті 700 келі тартады. Құрамы мықты. Екі жылға дейін сақтауға болады. 

Айта кетейік, көрмеде арнайы технология бойынша дайындалған эксклюзивті шоколадтар сатылады. Тәттіні аламын және өз қолыммен жасаймын деушілерге есік ашық. Арнайы шеберлік сыныптары ұйымдастырылады, деп жазады shymkenttv.kz.

5431 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper