
Super User
Ақтауда музей қызметкерлерінің халықаралық симпозиумы және IV ТҮРКСОЙ музей басшылары кеңесінің отырысы өтеді
Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2025 жылғы 16-17 қазан күндері «Ақтау-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өтетін IV «Тас ескерткіштері – түркі әлемінің ортақ мұрасы» тақырыбындағы музей қызметкерлерінің халықаралық симпозиуымына және IV ТҮРКСОЙ музей басшылары кеңесінің отырысын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Алматы әкімі Балалар ғылыми музейінің құрылыс барысымен танысты
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан ірі ғылыми-білім беру жобаларының бірі — Алматыдағы Балалар ғылыми музейінің құрылыс барысымен танысты. Жоба Сингапур Ғылым орталығы және музейлік шешімдер әзірлеу саласында тәжірибесі мол Kingsmen Exhibit PTE LTD компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абайдың 180 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Ұлы ақын, ағартушы, гуманист Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Парижде Нұрғиса Тілендиевтің мұрасына арналған көрме ашылды (ФОТО)
Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ұлы композитор, дирижер, Халық қаһарманы, қазақ музыкасының заңғар тұлғасы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Жеке тұлғалар заңсыз иемденген мәдени мұралар Ұлттық музейдің қорына табысталды (ФОТО)
ҚР Ұлттық музейінде тарихи маңызы зор мәдени құндылықтарды музей қорына салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Италия Қазақстан Ұлттық музейінде Реставрация орталығын тегін ашып беруге дайын
Италия Қазақстан Ұлттық музейінде Реставрация орталығын тегін ашып беруге дайын. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлады KAZINFORM агенттігі.
Баянауылдағы музейге Таисия Сәтбаева ұстаған жәдігер тапсырылды
Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейіне Қаныш Имантайұлының жұбайы Таися Сәтбаеваның жұмыста қолданған микроскобы тапсырылды, деп хабарлады KAZINFORM агенттігі.
«Freedom Ticketon Awards 2025» жүлдесін иеленген музей анықталды
Алматы тарихы музейі «Freedom Ticketon Awards 2025» жүлдесін иеленді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 140-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 7 сәуірде № 35953 болып тіркелді.
Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 151-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 сәуірде № 35988 болып тіркелді.