Анонс


ШҚО музейінің қоры антикварлық керосин самаурынмын толықты

Сейсенбі, 26 Қаңтар 2016 00:03
ШҚО музейінің қоры антикварлық керосин самаурынмын толықты KAZMUSEUM.KZ -  

Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музей-қорығы тағы бір антикварлық керосин самаурынмын толықты, деп хабарлады музей әкімшілігі.

Орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Роман Нечаевтың айтуынша, көптеген елдердің түсінігінде көне самаурын ағаш отынмен жағылып, кейін электр самаурындарға ауыстырылған. Бірақ, белгілі болғандай, 20-шы ғасырдың басында, яғни революцияға дейінгі уақытта керосинмен жағылатын самаурындар да пайда болып, бүгінде өте сирек кездеседі.

«Негізінен осындай самаурындар мұнай кәсіпшілігі жұмыс істеп, керосиннің бағасы арзан болған Кавказда таратылған. Әзербайжанды керосин шамының отаны деп бекер айтпаған. Ал самаурынның өзі таза орыс туындысы болып табылады. Бұрынғы жылдардағы Еуропада оны «орыстың шай машинасы» деп атаған», - деп баяндайды Р.Нечаев.

Біздің күнімізге дейін керосин самаурындары дәстүрлі самаурындарға қарағанда аз жеткен. Мысалы, музей-қорығында жүздеген көмір самаурындары бар болса, керосинмен жағылатын самаурын ұзақ уақыт бойы жалғыз тұрған.

Сонымен бірге этнограф мамандар бүкіл топтаманың әрбір самаурыны дара және қайталанбас екенін және барлығының антикварлық сирек кездесетін туынды екенін атап өтуде.

2645 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper