Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшылығының бұйрығымен Алматы қаласы музейлер бірлестігі директоры лауазымына Ләззат Құдайбергенқызы Сағындықова тағайындалды.
Ләззат Құдайбергенқызы 1986 жылғы 31 мамырда дүниеге келген.
Біліміжоғары, магистр, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетін «мәдениеттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде 2007 жылы жетекші маман болып бастап, Алматы қаласы Мәдениет департаментінің ескерткіштерді қорғау бөлімінің бас маманы, тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы болып жалғастырған. Мәдениет саласындағы жалпы еңбек өтілі 15 жылды құрайды.
Отбасы жағдайы: Тұрмыста, үш баланың анасы.
Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін келесі марапаттарға ие болды:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» естелік белгісі (2011 ж.);
Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасы (2012 ж.);
Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаты (2015 ж.);
Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаты (2016 ж.);
Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаты (2016 ж.);
Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаты (2017 ж.);
Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаты (2022 ж.)