Анонс


«Nomadius» музейінде ғылыми семинар өтті

Жұма, 23 Тамыз 2024 01:41
«Nomadius» музейінде ғылыми семинар өтті KAZMUSEUM.KZ -  

«Nomadius» этнографиялық музейінде «Қазақ этнографиясы: кеше, бүгін, ертең» атты үш күндік семинар өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Семинар мақсаты – тарихи пәндердегі өзекті мәселелерді талқыға салу, жекелеген тақырыптар бойынша ғылыми баяндамаларды тыңдау және талқылау ұйымдастыру,  ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттары бойынша пікір алысу, тәжірибе алмасу.

Ғылыми семинар барысында этнография, этнология, әлеуметтік антропология, мәдениеттану және өлкетану саласында  соңғы үш жылда жазылған және ғылыми басылымдарда жарық көрген студент, магистрант, докторант, жас ғалымдардың  мақалаларына, кітаптарына  сыйлық табысталды. 

Сонымен қатар, «Nomadius» этнографиялық музейі семинарға қатысушыларға арнап,  Бурабай аймағындағы киелі ескерткіштермен танысу шараларын, этнографиялық зерттеу жұмыстарын  өткізді.

412 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper