Келіссөздер барысында 2025 жылдың мамыр айында Астанада өтетін «Жібек және Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» көрмесіне дайындық аясында Жібек және Шай музейлерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.
Көрме тоқыма және шай дәстүрлерін таныстырып, олардың тарихи маңыздылығы және Қазақстан мен Қытай халықтарының ғасырлар бойы жақындасуына ықпал еткен мәдени алмасудағы рөлін айқындайды.
Сонымен қатар, музей ісі саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылап, тоқыма артефактілерін қалпына келтіру және консервациялау саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.