Фестиваль аясында өтетін іс-шаралар:
* Киізден өнер туындыларын жасаушы, ең танымал суретшілердің бірі – Дженис Арнольдтың (АҚШ) "Жыл мезгілдері" атты иммерсивті инсталляциясы;
* XIX-ХХ ғасырдың басындағы қазақ қолөнершілерінің мұрағаттық фотосуреттерінің фотокөрмесі;
* Қазақтың дәстүрлі тоқыма бұйымдары мен ою-өрнектерінің көрмесі;
* ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра сарапшыларының, шетелдік және қазақ суретшілері мен киіз шеберлерінің қатысуымен киіз бойынша семинар;
* Үздік шетелдік ( Венгриядан Михайло Ветра, Түркиядан Салих Гергич) және қазақстандық шеберлер оқытатын киізден үш шеберлік сабағы;
• 2022 жылғы 10 қарашада «Киізге арналған әнұран» атты салтанатты рәсімі өтеді. Және киізден жасалған сәнді киім топтамалары көрсетіледі. Сіздер бұл коллекциялардан Әсел Хайрулла, Әуэс Сағынаева, Айжан Бекқұлова, Ұлболсын Дәуленова, Лариса Агеева топтамаларын көре аласыздар;
* Сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі.
Фестиваль тәжірибелі қолөнершілерден білімді жастарға дәстүрлі білім берудің символдық рәсімімен аяқталады.