СЕМИНАР-ТРЕНИНГТІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАРЫ:
- ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
- қазіргі кезеңдегі отандық музей кеңістігіндегі ғылыми зерттеулердің өзектілігі (ғылыми-зерттеу жобаларды жүзеге асырудағы ҚР МОМ іс-тәжірибесі);
- музейлік ғылыми экспедициялар ұйымдастыру (археологиялық, этнографиялық, археографиялық және т.б.);
- ғылыми және ғылыми практикалық форумдар (семинар, конференция, дөңгелек үстел) – музей қызметкерлерінің өзіндік ұйымдастыруының формасы ретінде.
Ғылыми-қор жұмысы
- ғылыми-қор жұмысының жалпы әдістемелік мәселелері;
- музей қор жинақтарын ғылыми каталогизациялау музейдің іргелі бағыттарының бірі ретінде.
Ғылыми-реставрациялық (қалпына келтіру) жұмысы
- қалпына келтіру жұмысының жалпы әдістемелік мәселелері.
- МӘДЕНИ-БІЛІМ ЖҰМЫСЫ
- музейдің мәдени-білім қызметін ұйымдастырудағы жобалық жұмыстарды жүзеге асыру;
- музейлік менеджмент және маркетинг;
- мәдени-білім беру іс-шараларын жүзеге асырудағы инновациялық тәсілдер;
- музейлік педагогиканың әдістемелік және практикалық аспектілері.
Шеберлік сабақтар
- «Қалпына келтіру ісінің қыр-сыры»: металл, киіз, мата, керамика және т.б. бұйымдарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабақтар.
Семинар-тренинг жұмыс тілдері – қазақ, орыс.
Семинар-тренингке қатысу формасы: тікелей.
Семинар-тренингтің ерекшелігі практикалық бағытта жүргізілуінде.
Қатысуға өтінімді csmrk1986@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады. Семинар-тренингке қатысуға Қазақстанның республикалық, облыстық, қалалық және басқа да музейлерінің қызметкерлері шақырылады.
Семинар-тренингке қатысушылардың өздері талқылайтын мәселелер ауқымын нақтылауға және кеңейтуге мүмкіндік береді. Қатысушылар өтініші бойынша музей ісіндегі басқа да мәселелер мен проблемалар қарастырылады. Сонымен қатар, семинар-тренингке қатысушыларға Алматы қаласындағы музейлерге экскурсия ұйымдастыру жоспарлануда, соған сәйкес өтінімде сіздің қалауыңыздағы музейді көрсету сұралады.
Семинар-тренингке қатысудың барлық шығындары жіберуші тарапынан төленетіндігін қаперіңізге береміз.
Өтетін орны/мекен-жайы Байланыс телефондары:
Алматы қ., Самал – 2, д. 44 8 727 264 22 00
ҚР Мемлекеттік Орталық музейі 8 727 2 64 06 55
Кинозал, 1 этаж
Ұйымдастыру комитеті
Ғылыми-әдістемелік семинар-тренингке қатысу үшін
ӨТІНІШ
Аты-жөні |
|
Мемлекет/қала |
|
Мекеме атауы |
|
Лауазымы |
|
Ғылыми дәреже/ғылыми атауы |
|
Мен Алматы қаласындағы экскурсияға баруды таңдаған музей |
|
Телефон |
|
|
|
Ұсыныс, пікір |
|