Тасмола мәдениеті дәуірімен даталанған, патша моласынан алтын адам табылғаны белгілі. Аталған іс-шара Қарқаралы тарихи- өлкетану мұражайында қыркүйектің екісінен басталады. Ерте темір дәуірі атанған сақ дәуірінің баға жетпес жауһарлары да Сарыарқа жерінің айбарын асқақтата түсіп қана қоймай, бабалар жолы бойымызға рух дарытқандай әсер қалдырады. Өйткені, мұнда басқа аймақтармен салыстырғанда, сақ заманында бой көтерген айрықша құрылыстар көптеп кездеседі. Осындай құрылыстары бар мәдениет археология тарихында Тасмола мәдениеті (б.з.д.7-4 ғғ.) деп аталған. Талды-2 қорымы–бірегей археологиялық жәдігерлердің сақталып қалуымен ерекшеленетін ірі ескерткіштердің бірі. Мұндағы алтын бұйымдардың көптігін 20 мыңнан астам алтын заттардың табылуынан көруге болады. Ал бұл – тонаушылықтан қалған дүниелер. Тағы бір ғажабы сол, бұл нақты дерек тек иненің көзіндей ұсақ заттарға тиесілі. Одан бөлек 1800-ден астам орташа көлемдегі қабыршақты алтын мен 200-дей салмақты алтын заттардың та- былуы да зерттеушілер үшін орасан зор құндылыққа айналып отыр. Аң сти- лінде жасалған алтын бұйымдардың көріністері сол дәуірде өмір сүрген бабаларымыздың таным-түсінігі, қолөнері, этнографиясы, діни және мифтік ойлау жүйелері қандай болғандығынан анық хабар беріп тұр.
Қарқаралыда "Алтын адам" атты көрме ашылды
Сейсенбі, 02 Қыркүйек 2014 06:00
KAZMUSEUM.KZ -
Қарқаралы қаласында тұңғыш рет "Алтын адам" атты жылжымалы көрме ашылды.