Анонс


Алматыда музей мамандары үшін халықаралық симпозиум өтеді Таңдаулы

Жұма, 08 Мамыр 2026 11:36
Алматыда музей мамандары үшін халықаралық симпозиум өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» музей мамандарын«Палеонтология, зоология, археология, археография: қор жинақтарды пәнаралық зерттеу және оларды жаңа материалдармен толықтыру («Ғылым ордасы» музейлері негізінде)» тақырыбындағы халықаралық симпозиумға қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Симпозиум қор коллекцияларын зерттеу, жүйелеу, сақтау және ғылыми айналымға енгізудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ оларды пәнаралық тұрғыда зерттеу және жаңа материалдармен толықтыру мәселелерін талқылауға бағытталған. Палеонтология, зоология, археология және археография салаларындағы заманауи ғылыми әдістерді енгізу, сондай-ақ музей қорларын цифрландыру, каталогтау және насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Симпозиум барысында талқыланатын негізгі мәселелер:

1.Палеонтологиялық коллекциялар: реставрациялау және сақтау, жаңа олжалар және зерттеу әдістері;

2.Зоологиялық қорлар: систематика, биоалуантүрлілік және заманауи зерттеу тәсілдері;

3.Археологиялық материалдар: пәнаралық талдау және интерпретация;

4.Археография және музей қорларындағы жазба деректермен жұмыс;

5.Цифрлық технологиялар және электрондық деректер базасын құру;

Қатысуға шақырылады: ғалымдар, оқытушылар, музей және ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, докторанттар, магистранттар және тәуелсіз зерттеушілер.

Қатысу түрлері: оффлайн және онлайн қатысу

Симпозиум қорытындысы бойынша ISBN нөмірі берілетін ғылыми мақалалар жинағын шығару жоспарлануда. Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Материалдарға қойылатын талаптар

Пленарлық отырысқа ұсынылатын баяндамалардың көлемі – 15 бетке дейін,
секциялық баяндамалар – 6 бетке дейін (А4 форматы).

Техникалық талаптар:

Мәтін компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс. Қаріп – Times New Roman, кегль – 12, жоларалық интервал – 1,5. Абзацтық шегініс – 1,25 см. Сол жақ өріс – 30 мм, қалған өрістер – 20 мм.

Барлық суреттер, кестелер, диаграммалар, графиктер мәтінде кездесу реті бойынша нөмірленуі және атауы болуы тиіс.

Сурет атауы мен нөмірі – суреттің астында

Кесте атауы мен нөмірі – кестенің үстінде

Кестелер, графиктер, формулалар мен суреттер белгіленген өрістерден шықпауы керек.

Кестелердегі және суреттердегі қаріп өлшемі 11 pt-тан кем болмауы тиіс.

Мәтінде тасымал қолданылмайды.

Сілтемелер мәтінде шаршы жақшада үздіксіз нөмірлеумен беріледі.
Әдебиеттер тізімі мақала соңында орналастырылады.

Мақала құрылымының үлгісі

Автордың толық аты-жөні

Ұйым атауы (университет, мекеме, кәсіпорын және т.б.) Қала

МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ

Негізгі мәтін

Әдебиеттер тізімі

Қатысу үшін төмендегі тіркеу формасын жіберу қажет:

 

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

Автор(лар)дың аты-жөні

 

Жұмыс орны

 

Лауазымы, ғылыми атағы, дәрежесі

 

Баяндама атауы

 

Секция атауы

 

E-mail

 

Телефон

 

Мекенжайы

 

Симпозиумға қатысу формасы

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Мекенжайы: Қазақстан, 634050, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ғылым ордасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Абдыкеримов Жарылкасын Даулетович, электронды пошта: sipmozium26@gmail.com

Файл атауына қойылатын талаптар

Мақала файлының атауы: автордың тегі және аты-жөнінің инициалдары
Мысалы: Асқар А.А. doc

Өтінім файлының атауы: «sipmozium» сөзі және автордың тегі
Мысалы: sipmozium Асқар doc

Симпозиумға қатысу үшін өтінім, сондай-ақ тезистер мен мақалалар Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына (sipmozium26@gmail.com) 2026 жылғы 15 тамызға дейін жіберілуі қажет.

Көрсетілген мерзімде жіберілген материалдар ұйымдастыру комитеті тарапынан қарастырылады. Белгіленген мерзімнен кеш жіберілген немесе талаптарға сәйкес рәсімделмеген материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды.

Симпозиум 2026 жылғы 15-16 қырқүйекте Алматы қаласы, Шевченко көшесі 28, 050010, мәжіліс залы мекенжайында өтеді.

Симпозиум материалдарының жинағы Симпозиум аяқталғаннан кейін жарық көреді.

Қатысу жарнасы -тегін.

 

529 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper