Анонс


Қазақстанның екі мұрасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» өңірлік тізіміне енгізілді Таңдаулы

Бейсенбі, 05 Қараша 2026 16:37
Қазақстанның екі мұрасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» өңірлік тізіміне енгізілді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан ұсынған екі номинация ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Азия-Тынық мұхиты өңірлік тізіліміне енгізілді. Бұл шешім 2026 жылғы 5 қарашада Джакартада өткен бағдарламаның Азия және Тынық мұхиты өңірлік комиссиясының (MOWCAP) отырысында қабылданды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Тізілімге «Есік жазуы: Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы түркі руна жазуы» және «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің баспа басылымдары жинағы» енді.

 

Қос мұра тізілімге енгізілуі Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының халықаралық деңгейде мойындалғанын айғақтайды. Өз кезегінде бұл еліміздің мұрасын шетелде кеңінен танытуға мүмкіндік береді.

«Есік» тарихи-мәдени музей-қорығының хабарлауынша, екі номинацияны да аталған жиында музей-қорықтың ғалым-хатшысы Мөлдір Ерболқызы Тынайқұлова қорғаған.

 

117 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper