Анонс


Тарихи өлкетану және музей ісіне арналған конференция өтеді

Бейсенбі, 15 Қазан 2026 16:03
Тарихи өлкетану және музей ісіне арналған конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі «Тарихи өлкетану және музей ісі: тәжірибе, мәселелер және перспективалар» тақырыбында өтетін «ІІІ ҚАСЫМБАЕВ ОҚУЛАРЫ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция Қазақстан тарихын, тарихи өлкетануды және Қазақстан қалаларының тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың рухына арналады. Конференцияның мақсаты – тарихи өлкетанудың өзекті мәселелерін, тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен сақтауды, музей ісін дамытуды талқылау, сондай-ақ тарих, музейтану, археология, этнология және мәдениеттану салаларындағы заманауи зерттеулердің нәтижелерімен және тәжірибелерімен алмасу.

Конференция жұмысына тарихшылар, өлкетанушылар, музей, архив және кітапхана қызметкерлері, ғылыми-зерттеу мекемелерінің мамандары, оқу орындарының оқытушылары, докторанттар, магистранттар және тәуелсіз зерттеушілер шақырылады.

Өтетін күні: 2026 ж. 25 қараша

Өтетін орны: Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі,

Абай облысы, Семей қ., Абай к., 90                   

Қатысу түрлері: күндізгі, сырттай, онлайн

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс

Конференция қорытындысы бойынша баяндамалар жинағын электрондық форматта шығару жоспарлануда. Конференцияның барлық қатысушыларына қатысқаны туралы электрондық сертификаттар жіберіледі.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ

 

1.  Профессор Ж. Қасымбаев еңбектеріндегі тарихи өлкетану мәселелері

1)          Ж. Қасымбаев – ғалым, педагог және публицист;

2)          Ж. Қасымбаевтың ғылыми мұрасы және оның Қазақстан тарих ғылымының дамуына қосқан үлесі;

3)          Ж. Қасымбаевтың Қазақстан қалаларының тарихын зерттеуге қосқан үлесі;

4)          Ж. Қасымбаев еңбектеріндегі тарихи өлкетану мәселелері.

 

2.  Тарих пен мәдениетті зерттеудің өзекті мәселелері

1)          Қазақстан археологиясы: заманауи зерттеулер мен мәселелер;

2)          Ұлттық бірегейлік және мәдени мұраны сақтау мәселелері;

3)          Көші-қон үдерістері тарихи ретроспективада;

4)          Этнография мен мәдени антропологияның өзекті мәселелері;

5)          Тарих және мәдениет ескерткіштері: зерттеу, сақтау және насихаттау;

6)          Тарихи-мәдени мұра нысандарының қазіргі жай-күйіне мониторинг жүргізу;

7)          Тарихи жады мен мәдени кеңістіктегі көрнекті тұлғалар.

 

3.  Музейлер, архивтер және кітапханалар әлеуметтік-мәдени кеңістікте

1)          Музейлер, архивтер және кітапханалар тарихи-мәдени мұраны сақтаудың орталықтары ретінде;

2)          Өлке тарихы музей экспозициялары мен көрме жобаларында;

3)          Қор коллекциялары тарихи және өлкетану зерттеулерінің дереккөзі ретінде;

4)          Музей жәдігері: есепке алу, сақтау, атрибуциялау және реставрациялау мәселелері;

5)          Музей, архив және кітапхана қызметіндегі заманауи технологиялар;

6)          Мәдени мұраны цифрландыру: тәжірибе мен перспективалар;

7)          Музей педагогикасы және ағартушылық қызмет;

8)          Виртуалды музейлер мен цифрлық экспозициялар;

9)          Интерактивті технологиялар және келушілермен жұмыс жүргізудің жаңа формалары.

 

4.  Тарихты оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары

1)          Тарих пен өлкетануды оқытудың заманауи тәсілдері;

2)          Білім беру кеңістігіндегі тарихи өлкетану;

3)          Білім беру арқылы тарихи жады мен азаматтық бірегейлікті қалыптастыру;

4)          Гуманитарлық ғылымдардағы жасанды интеллект және заманауи цифрлық құралдар;

5)          Тарихи зерттеулерде ақпараттық технологияларды пайдалану.

 

Конференцияға қатысу үшін өтінім мен баяндама мәтінін qasymbaev_oqulary@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 1 қарашаға дейін.

Мақалаларды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 10 қарашаға дейін.

*Баяндаманы презентациямен сүйемелдеуді жоспарлаған қатысушылар презентациялық материалдарды баяндама мәтінімен бірге бір мезгілде жіберуі қажет. Кейінірек жолданған презентациялар қабылданбайды.

Ұсынылған барлық материалдар мәтіннің бірегейлігіне (антиплагиат жүйесі арқылы) тексеріледі. Жариялауға ғылыми этика талаптарына сәйкес келетін түпнұсқа жұмыстар ғана қабылданады. Ұйымдастыру комитеті конференция бағдарламасына және электрондық жинаққа енгізілетін материалдарды іріктеу құқығын, сондай-ақ материалдардың мазмұнын өзгертпей, ғылыми және әдеби редакциялау құқығын өзіне қалдырады.

Жол жүру, тұру және тамақтануға байланысты барлық шығындар іссапарға жіберуші тараптың есебінен өтеледі.

 

Қосымша №1

ӨТІНІМ

Қатысушының аты-жөні (толық)    

Баяндама тақырыбы     

Конференция бағыты   

Қала 

Жұмыс/оқу орны

Қызметі     

E-mail        

Байланыс телефоны     

Қатысу түрі (күндізгі/сырттай/онлайн)     

Презентацияның болуы (иә/жоқ)    

 

*өтінімдер 2026 жылғы 1 қарашаға дейін qasymbaev_oqulary@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

 

Қосымша№2

Баяндамаға қойылатын талаптар

  • Баяндама мәтіні .doc және .docx форматтарында қабылданады.
  • Баяндама файлының атауы келесі үлгіде рәсімделуі тиіс: автордың аты-жөні, баяндама тақырыбы. ФИО автора, название доклада.
  • Көлемі – кемінде 3 бет және 10 беттен аспауы тиіс.
  • Қаріп – Times New Roman.
  • Қаріп өлшемі (кегль) – 14 пт.
  • Жоларалық интервал – 1,0 (бірлік).
  • Жиектер (поля): жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см.
  • Абзац шегінісі (қызыл жол) – 1 см.
  • Кестелер, суреттер және басқа да материалдар бет жиектерінен шықпауы тиіс.
  • Баяндаманың негізгі мәтіні ені бойынша туралануы қажет.
  • Бет нөмірлері қойылмайды.
  • Сөздерді қолмен тасымалдауға жол берілмейді (сөздің кез келген жеріне дефис қойып бөлуге болмайды).
  • Жолдарды қолмен бөлуге жол берілмейді (жол үзу белгісін қолдануға болмайды).
  • Қосарланған, үш еселенген және одан да көп бос орындарды пайдалануға болмайды.

 

Баяндаманы рәсімдеу тәртібі

  • 1-жол – оң жақ шеті бойынша тураланып, қалың қаріппен автордың тегі, аты-жөні толық жазылады;
  • 2-жол – оң жақ шеті бойынша тураланып, автордың қызметі көрсетіледі;
  • 3-жол – оң жақ шеті бойынша тураланып, ұйымның атауы жазылады;
  • 4-жол – оң жақ шеті бойынша тураланып, облыс пен елді мекен атауы көрсетіледі;
  • 5-жол – алдыңғы жолдан кейін бір интервал қалдырылып, ортасына тураланып, қалың қаріппен баяндаманың атауы жазылады;
  • Баяндама атауынан кейін бір интервал қалдырылып, аңдатпа беріледі (көлемі 7 жолға дейін, қаріп өлшемі – 12 пт);
  • Аңдатпадан кейін түйінді сөздер көрсетіледі (5–7 сөз немесе сөз тіркесі);
  • Бір интервалдан кейін баяндаманың негізгі мәтіні беріледі;
  • Тілдік мысалдар мен мәтіндік иллюстрациялар курсивпен ерекшеленіп, тырнақшасыз рәсімделеді;
  • Баяндаманың негізгі мәтінінен кейін бір интервал қалдырылып, пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі (қаріп өлшемі – 12 пт);
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі МЕМСТ 7.1–2003 талаптарына сәйкес рәсімделеді. Негізгі мәтіндегі сілтемелер тік жақша ішінде көрсетіледі, мысалы: [5, 10-б.]. Әдебиеттер тізіміндегі нөмірлеу дереккөздердің мәтінде алғаш аталу ретіне сәйкес беріледі.

 

*баяндамалар 2026 жылғы 10 қарашаға дейін qasymbaev_oqulary@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

 

Қосымша №3

Баяндаманы рәсімдеу үлгісі

Тегі Аты Әкесінің аты,

қызметі,

ұйымның атауы,

облысы, елді мекені.

 

Баяндама атауы

 

Бұл мақалада Қазақстан тарихын, тарихи өлкетануды және Қазақстан қалаларының тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың өмірі туралы сөз болады.

 

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін, мәтін мәтін мәтін мәтін. Мәтін мәтін мәтін мәтін, мәтін мәтін мәтін мәтін.

«Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін, мәтін мәтін мәтін мәтін» [1, 64-б.]. Мәтін мәтін мәтін мәтін, мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін:

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін, мәтін мәтін мәтін мәтін. Мәтін мәтін мәтін, мәтін мәтін мәтін [2, 18-б.].

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін, мәтін мәтін мәтін мәтін. Және мәтін мәтін мәтін мәтін, мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін.

                                                                                                     

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қасымбаев, Ж. Қ. Шығыс Қазақстан қалалары 1861-1917 жылдары: (әлеуметтік-экономикалық аспект). – Алматы: Ғылым, 1990. – 184 б.
156 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper