Біліктілік арттыру курсының мақсаты – музей мамандарының кәсіби деңгейін көтеру және жұмыс барысында кездесетін сұрақтарына жауап алуына жәрдемдесу.
Видео-лекция түрінде өтетін курс төмендегідей бағыттарды қамтиды:
1) Музей заттарын есепке алу және топтастыру;
2) Көркемөнер музейінде музей заттарын сақтау және есепке алу ерекшеліктері (29 сәуір);
3) Музей заттарының сақталуын қамтамасыз ету және сақтау шарттары. Қор сақтау тәртібі;
4) Музейдің ғылыми-зерттеушілік қызметі;
5) Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің инклюзивті жобалары.
(Ескерту: видео-лекция жоғарыдағы ретімен жарияланбауы мүмкін).
Курс 29 сәуір, 6 мамыр, 13 мамыр, 20 мамыр, 27 мамыр күндері Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де kazmuseum.kz сайтында видео-лекция түрінде жарияланады. Видео-лекция сайттың бастапқы бетіне орналастырылады.
Қатысуға тілек білдірушілер №1 қосымшаға сәйкес, сауалнама жауаптарын 2020 жылғы 29 сәуір күнгі сағат 21.00-ге дейін infokazmuseum@gmail.com поштасына жолдауы тиіс. Ұйымдастырушылар сауалнаманы өңдеп, қатысушылар тізімін жасайды.
Қатысушылар әр сәрсенбі сайын, видео-лекцияны тыңдаған/көрген соң Нұр-Сұлтан уақытымен 21.00-ге дейін №2 қосымшаға сәйкес, видео-лекцияға қатысқандығын растайтын сауалнаманы infokazmuseum@gmail.com поштасына жолдайды. Осы №2 қосымшаға сәйкес, мамандардың видео-лекцияны қаншалықты меңгергендігі анықталады және курсқа тұрақты түрде қатысып жүргендігі расталады.
Курс толық аяқталған соң, ұйымдастырушылар 2020 жылғы 1 маусым күнгі сағат 18.00-ге дейін қатысушылардың электронды поштасына 20 сұрақтан тұратын тест сұрақтарын жолдайды. Қатысушылар тест сұрақтарының жауабын 2020 жылғы 2 маусым күнгі 15.00-ге дейін infokazmuseum@gmail.com поштасына жолдауы тиіс. Көрсетілген уақыттан кейін келіп түскен жауаптар қаралмайды.
Курстың қорытындысы 2020 жылғы 3 маусым күні kazmuseum.kz сайтында жарияланады. Тестілеуден сәтті өткен қатысушыларға Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі сертфикаттар тапсырады.
Қосымша №1
№ |
Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің online тәртіпте өтетін біліктілік арттыру курсына қатысушының сауалнамасы |
|
1 |
Аты-жөні (құжат бойынша) |
|
2 |
Жұмыс орнының толық атауы |
|
3 |
Лауазымының толық атауы |
|
4 |
Еңбек өтілі |
|
5 |
Электронды поштасы |
|
6 |
Телефон номері |
|
Қосымша №2
|
Қатысушының сауалнамасы |
|
1 |
Қатысушының аты-жөні |
|
2 |
Видео-лекцияның атауы |
|
3 |
Видео-лекциядан Сіз не үйрендіңіз? (3-7 сөйлем) |
|
4 |
Видео-лекцияда айытылғандарды алдағы уақытта жұмыс барысында қалай қолдануыңыз мүмкін? (3-7 сөйлем) |
|
Бұл сауалнаманың жауабын 29 сәуір, 6 мамыр, 13 мамыр, 20 мамыр, 27 мамыр күндері сағат 21.00-ге дейін жіберуді ұмытпаңыз.