Анонс


Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіне жаңа директор тағайындалды

Сәрсенбі, 06 Сәуір 2022 20:19
Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіне жаңа директор тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

«Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі» РМҚК-на жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен «Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі» РМҚК директоры лауазымына Гүлайым Жұмабекова тағайындалды.

Гүлайым Жұмабекова 1966 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1991 жылдан 2013 жылға дейін әр түрлі лауазымдарды атқарған, Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде экскурсия жүргізуші, редактор, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, зергерлік өнер секторының басшысы лауазымында болған.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қолданбалы өнер бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

1977 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper