Абай ауданындағы М.Әуезов кітапханасына "Туған жерге - тағзым" атты акция да көпшіліктің көктемдей асыға күткен шарасы екен. Көктемнің исін ала келген кітаптар кітапхананың қойны-қонышын , оқырмандырын қуанышқа кенелтті. Әр жерде кітапқа үңілген, кітапты қызықтаған жастарды, ауыл адамдарын көріп көңіліміз тасыды. «Ауыл кітап оқымайды» деген түсінік қалыптасқаны бар. Сол түсінікті тұп тамырымен жоққа шығарып, мемлекет жəне қоғам қайраткері Тайыр Мансұров жеке кітап қорынан 7000 кітапты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ректоры, профессор Ерлан Сыдықов та жеке қорынан 7000 мың кітапты аудандық кітапхананың қорына тапсырды. Бұл игілікті шаралар Ерлан Бәтташұлының мерейлі алпыс жылдық тойымен тұспа тұс келді «Туған елге тағзым» атты тағылымды шараның өткізілуіне ұйытқы болған Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев пен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева. Үмітхан Дәуренбекқызы да өз кезегінде кітапханаға Ұлттық академиялық кітапхана атынан тарту-таралғы ретінде бірнеше кітап сыйлады. Осы кітаптардың ішінде бір ерекше кітап болды. Кітапханамыздың баспаханасында басылған бұл кітап- «Абайдың қара сөздері» . Ені 2,5 см, үзындығы 4 см. Көпшіліктің қызығушылығын туғызған кітап болды. Осындай игілікті шаралар еліміздің барлық аймағында жалғасады деп үміттенеміз. Бұл шараға Астанадан барған суретші Алмас Сырғабаев, ақын Серік Сейтман , үшеуміздің Абай топырағына алғаш қадам басуымыз екен. Жаңа бір шығармашылық қуат алғандай әсерде болдық.
Жол кестеміздің тығыздығына байланысты аспанда әлі түн пердесін кере қоймаған таң алдында Абай, Шәкәрім аталар жатқан мекенге барып , құран бағыштап Жидебайдағы Абай музейімен таныстық. Абай атамыз тұтынған заттар көзге сонда ыстық көрінеді .Бөрілідегі Мұхтар Әуезов музейіне де бардық. Мәңгілік махаббаттың символы Еңлік-Кебек мазары мен қос ғашыққа орнатылған ескерткіш те мәнді- мазмұндылығымен тартымды . Суретші Алмас айналаны фотоға түсірумен болды. Таң алдында Жидебай аспаны ерекше әдемі түске бөленеді екен. Таң қалдық. Біртүрлі сезімге бөлендік. Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты ұлылардың рухы бізді жебегендей. Еңлік- Кебек те таң шапағына бөленіп, шырайланып тұрды. Айналайын , Абай елі аман бол! Сен қазақтың қасиеттісің!
Маржан ЕРШУ,
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкері