Анонс


«Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсаукесері өтті

Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024 19:57
«Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсаукесері өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласы музейлер бірлестігі тапсырысы бойынша жарыққа шыққан «ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ» энциклопедиясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Тұсаукесер рәсіміне Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Асанәлі Әшімов, зиялы қауым өкілдері, белгілі әдебиет, ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлері және жазушының қызы Гауһар Мүсірепова қатысты.

Энциклопедияны шығарудағы негізгі мақсат – сөз зергерінің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, ғылыми айналымға түсіру, оқырмандардың қазақ әдебиетіне деген құрметін арттыру.

Энцклопедияда Ғабит Мүсіреповтің өмір жолы деректері, өскен ортасы, шығармаларының жазылу тарихы, әдеби байланыстары, замандастарының лебізі молынан қамтылған.

Бұл – музей қызметкерлерінің ұзақ жылдар бойы тынымсыз еңбегінің нәтижесінде жарыққа шыққан Ғабит Мүсірепов туралы жазылған үлкен ғылыми жұмыс.

291 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper