Конференцияны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Құттықтау сөзді Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова жалғастырып, бірлестікке қарайтын музейлер бойынша қысқаша мәлімет бере келе, қала балансына 2021 жылы алынған тұлға музейінің өскелең ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор екендігін, музейге келушілер легінің өскендігін мақтанышпен жеткізді.
Конференция барысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ахметтану бөлімінің меңгерушісі, PhD «А.Байтұрсынұлының лингвистикалық мектебі: Қасым Тыныстанов және ХХ ғасыр басындағы қырғыз ұлттық әліпби», Ахмет Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институты директорының орынбасары, ф.ғ.д., профессор Құралай Күдеринова «Цифрлы кеңістіктегі Ахметтанудың болашағы», Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі жетекшісі, «Тіл-құрал» орталығының директоры, ф.ғ.к. Райхан Имаханбет «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын мектепте оқытудың маңызы», Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Гүлфар Мамырбек «Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл-жұмсар» еңбегіндегі тіл үйрету әдісі» тақырыбында баянадама жасады.
Баяндамашылар ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлы мұрасына жас ғалымдардың назарын аударту керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, конференцияда Р.Имаханбеттің «Ахмет. Алаш ардақтысы» атты қазақ, орыс тілінде жарық көрген фотожинағының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты.
Айта өтейік, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.