Бүгін Б. Сағынтаев А. Байтұрсыновтың музей-үйіне барды. Қала әкімі музей ұжымымен кездесу кезінде музей-үйді қоғамдық қордан коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылдағанын айтты.
«Келер жылы көрнекті ағартушы А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған, қазіргі музей-үйді қала меншігіне қайтардық. Оның мұрасы мәңгілік сақталады», - деп жазды Б. Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында.
ХХ ғасырдың басында салынған музей ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимараттың жалпы ауданы – 160 ш. м.
Музей 1993 жылы құрылды және 1998 жылы ресми түрде ашылды. Музейде А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық материал сақталған.