Анонс


Семей музейінде Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметіне арналған өлкетану оқулары өтті

Сенбі, 04 Ақпан 2017 03:33
Семей музейінде Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметіне арналған өлкетану оқулары өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейі мен қалалық орталық кітапхана бірлесіп, Алаш ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығына арналған «Шежіреге толы туған өлке» атты өлкетану оқуларын өткізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Шараның мақсаты - Алаш қозғалысының 100 жылдығын ел өміріндегі маңызды тарихи оқиға ретінде бағалап, жас ұрпаққа насихаттау.

Шара барысында Қазіргі заман тарихы құжаттамасы орталығының қызметкері Л.Қ.Қадырова «Имам Әлімбековтің тарихи тағдыры» тақырыбында мұрағат құжаттарын пайдалана отырып, баяндама жасады.

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Г.Ш.Төртенова «Әлихан Бөкейханов және Алаш қаласы» атты тақырыпта ұлы тұлғаның қайраткерлік  қызметін Семей қаласымен байланыстыра отырып, құнды деректерге тоқталды. Қатысушылардың назарына деректі фильмдер көрсетілді. Сондай-ақ, тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға қала мектептерінің кітапханашылары, музей әріптестері мен колледж студенттері қатысты.

3276 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper