Анонс


Қажымұқан Мұңайтпасұлының 145 жылдығына арналған кеш ұйымдастырылды (ФОТО) Таңдаулы

Жұма, 08 Сәуір 2016 09:41
Қажымұқан Мұңайтпасұлының 145 жылдығына арналған кеш ұйымдастырылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қажымұқан Мұңайтпасұлының 145 жылдығына арналған «Алаштың алыбы» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

«Тарихи тұлғалар» жобасы аясында өтетін іс-шараның басты мақсаты – Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы деректермен таныстыру. Жас ұрпақты ұлы тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға шақыру.

Кештің ашылу салтанатында сөз алған музей директорының орынбасары Жәкен Таймағамбетов қазақ спортының жетістіктерінің бастауында Қажымұқан тұрғанын атап өтті.

-Біз қазіргі уақытта спортпен айналысуға толық мүмкіндік алып отырмыз. Кеңестік кезеңде «каратэ» сөзін пайдалануға тиым салған уақыт та болды. Бүгінгі күні қазақ спорты бүкіл әлемге танылды. Қаншама спортшы майталмандарымыз жүлде алып, ел мерейін көтерді. Осындай жетістіктердің бастауында Қажымұқан тәрізді бабаларымыз тұр, - деді Ж.Таймағамбетов.

Кешке арнайы қонақ ретінде шақырылған грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы, Әлем және Азия чемпионаттарының сондай-ақ, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, әрі жаттықтырушы Юрий Мельниченко қазақстандықтардың спортқа деген құрметіне ерекше тоқталды.

-Қазақ спортын бүкіл әлемге танытқан Қажымұқан тәрізді балуанымызға көрсетіп отырған құрметтеріңізге ризамын. Қажымұқан тәрізді спортшымыздың ізін Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бахтияр Нұрсейітов тәрізді спорт саңлақтары жалғастырды. Қазіргі уақытта еліміздегі көптеген спорт сарайлары Қажымұқан мен Балуан Шолақтың атымен аталады. Бұл – халықтың спортқа деген құрметі, - деді Ю.Мельниченко.

Еске алу кешінде жауырыны жерге тимеген қазақ даласының батыры туралы танымдық бейнебаяндар көрсетілді. Сонымен қатар, Қ.Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жас спортшылары гимнастика, бокс, таэквондо, грек-рим күресінен көрсетілімдер ұсынды.

 

Инстаграм: @kazmuseum.kz 

4347 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper